Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясына 100-ден астам жасөспірім жеткізілді

Алматыда «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицияға 100-ден астам жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 2024 жылғы 15 шілде мен 17 шілде аралығында қалада «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен қадағалаусыз жүрудің алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болуын, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге араластыратын ересектерді анықтау. Іс-шараның нәтижелі өтуіне білім беру органдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, ата-аналар комитеттері мен қоғамдық көмекшілер жұмылдырылды, – деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Іс-шараның алғашқы күнінде полицияға әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 106 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілсе, оның 95-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған.

Балаларды қолдау орталығына 11 жасөспірім жіберілді. Сонымен қатар ІІО есепте тұрған 48 кәмелетке толмаған бала және 37 қолайсыз отбасы тексерілді. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге мән бермейтін 9 ата-ана анықталды. Тағы 13 ата-ана бала тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру