Алматы полициясында самбодан жарыс өтті
Алматы полициясында самбодан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Алматы қаласының полиция бөлімшелері самбодан жарыс өткізді.
Жарысқа 13 командада 59 адам қатысты.
Төрешілер алқасының шешімімен 58 келіге дейінгі салмақта:
1 орынды ЖҚАЖ полицейі Айдарбек Хабидин;
2 орын – Түрксіб аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Бауыржан Айтқожа;
3 орын – Наурызбай аудандық ПБ-ның жүргізуші-полицейі Мерей Санатбай иеленді.
64 келіге дейінгі салмақта:
1 орынды ЖҚАЖ инспекторы Нұрлан Үсенов;
2 орын – ППП қызметінің инспекторы Медет Шәкіров;
3 орын – Әуезов аудандық ПБ-на қарасты ПБ ТБ тергеушісі Әмір Бауыржанұлы иеленді.
71 келіге дейінгі салмақта:
1 орынды ЖҚАЖ ротасының командирі Қуат Инсенов;
2 орын – Түрксіб аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Әлібек Іңкәрбек;
3 орын – Алатау ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ Серік Ахметжановқа бұйырды.
79 келіге дейінгі салмақта:
1 орын – ЖҚАЖ аға инспекторы Дәурен Қамаш;
2 орын – Наурызбай аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Арслан Бауедимов;
3-орын – Түрксіб аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Мыңбол Бектібаев иеленді.
88 келіге дейінгі салмақта:
1 орын – ЖҚАЖ инспекторы Мереке Мұқатаев;
2 орын – ППП қызметінің инспекторы Диас Қарғабай;
3 орын – Наурызбай аудандық ПБ КПБ-нің жедел уәкілі Бибатыр Әлімбековке бұйырды.
98 келіге дейінгі салмақта:
1 орын – ЖҚАЖ инспекторы Райымбек Есдәулетов;
2 орын – Әуезов аудандық ПБ ЖПҚБ УПИ Бақдәулет Кенжебай;
3 орын – ППП қызметінің инспекторы Қамысбай Шыныбекке бұйырды.
98 келіден жоғары салмақта:
1 орынды ЖҚАЖ рота командирінің орынбасары Ербол Байбосынов;
2 орын – ППП қызметінің инспекторы Нұрбек Қоспанов;
3 орын – ППП қызметінің инспекторы Мирас Сейткерім иеленді.
Командалық есепте орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ командасы
2-орын – Наурызбай аудандық ПБ
3-орын – Патрульдік полиция полкі.
Барлық жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталды.