Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында сот сараптамаларының жекелеген түрлерінің кезең-кезеңмен бәсекелестік ортаға ауысуы талқыланды

Алматы Полиция департаментінің басшылығы Алматы қаласында сот-сараптама институтының өкілдерімен және лицензия негізінде сот-сараптамалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалармен (жеке сарапшылармен) кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Қазіргі уақытта "Сот сараптамаларының жекелеген түрлерін бәсекелестік ортаға кезең-кезеңімен ауыстыру туралы" бірлескен бұйрыққа қол қойылды, ол Әділет министрімен, Ішкі істер министрімен және Қазақстан Республикасының Бас прокурормен сот-сараптамалық палатасының төрағасымен келісе отырып, күшіне енді. Бірлескен бұйрықты орындау аясында іс-шаралар жоспары жасалды, онда сараптаманың белгілі түрлері аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға беріледі. Бүгін біз үкіметтік емес сараптама институтының одан әрі даму мәселесін талқыладық, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру