Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында такси қызметінің басшыларымен жиын өтті

Алматы полициясында такси қызметінің басшыларымен жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу онлайн режимде өтті. Оның мақсаты – бірлескен өзара іс-қимылды жақсарту мәселелерін қарастыру.

– Такси қызметінің өкілдері мен такси жүргізушілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының себептері – олардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жол-көлік оқиғалары мен апаттардың туындауына ықпал ету мәселелері талқыланды. Типтік мысалдар келтірілген. Жүргізуші құрамы арасында құқықтық тәртіпті сақтауды күшейту қажеттігіне ерекше назар аудардық. Сонымен қатар, кездесу барысында «Естіуші мемлекет» тұжырымдамасы аясында іске қосылған «102» мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті. Бұл қосымша азаматтардан полицияға хабарламаларды қабылдаудың жаңа процесі болып табылады. Құқық бұзушылыққа куә болған такси жүргізушілерін аталған қосымша арқылы тиісті ақпаратты жіберіп отыруға шақырдық, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру