Алматы полициясында ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматы полициясында ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бұрын хабарланғандай, кәмелеттік жасқа толмаған балаларына жасөспірімдер сексуалдық зорлық-зомбылық жасаған Алматы тұрғыны, қасақана арандатушылықты алға тартады. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның БАҚ-қа берген сұхбаты мен көршісінің синхронынан түсірілген кадрларды пайдаланып, әдейі ақпараттық хабарлама жасаған, одан ұлтаралық жанжал шыққан.
Контекстен алынған деректер деп шағымданған екі баланың анасы Ирина полицияға арызбен жүгінді.
– Бұл дерек ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс жүргізу аясында тиісті сараптамалар мен тергеу әрекеттері жүргізілетін болады. Нәтижесінде, авторлар мен жалған хабарлама таратқандар анықталатын болады және жауапкершілікке тартылады, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.