Алматы полициясында жеке күзет және мамандандырылған оқу орталықтарының басшыларымен семинар өтті
Алматы ПД-да жеке күзет және мамандандырылған оқу орталықтарының басшыларымен семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн тәртібінде күзетілетін нысандардағы өзара іс-қимыл және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік қауіп төнген кезде әрекет ету алгоритмдерін зерделеу, күзет қызметі бойынша білікті кадрларды даярлау мәселелері қарастырылған.Тағы бір маңызды аспект – полицияның күзетілетін нысандарды бақылайтын субъектілерімен өзара іс-қимылы.
– Бүгінде күзет ұйымдарында жеткілікті материалдық-техникалық база, қару-жарақ, сондай-ақ кәсіби дайындықтан өткен кадрлар бар. Сонымен қатар қауіпсіздік қызметі саласын реттейтін жеткілікті заңнамалық база құрылды. Мемлекеттік емес күзеттік құрылымдарының қызметінде және олардың құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуінде тәжірибе әзірленді. Оны одан әрі дамыту және жетілдіру үшін бұл салада әлі жеткілікті резервтер бар, – деді Алматы қалалық ПД күзет қызметін қадағалау басқармасының бастығы Нұрбол Қамаубаев.
Спикердің айтуынша, мұндай өзара іс-қимыл ішкі істер органдарының қылмысты анықтау мен жолын кесуде мобильділігі мен жеделдігін айтарлықтай арттырады.