Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі талқыланды

Алматы полициясында жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Ол бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлікті мас күйінде басқару, көлік құралын басқару куәлігінен айырылған жүргізушінің көлікті тізгіндеуін, көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану, сондай-ақ тоқтау және тұрақ ережелерін бұзу деректерін анықтауға бағытталған. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарын қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында тексереді.

– Осылайша, біз автокөлікпен жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін арттыру, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігінің жұмыс істеуіне жол бермеу, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуді қолға алдық. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де, азаматтық қоғам да барынша атсалысуда, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Шара аясында әкімшілік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік кәсіпорындарының басшыларымен кездесу ұйымдастырды.

Жиын барысында көлік жүргізушілерінің көліктік және еңбек тәртібін арттыру, олардың жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманы сақтауы, қоғамдық көлік жүргізушілерін сапар алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өткізу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тағы да басқа мәселелер қаралды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру