Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының қызметкерлері жұмыс ұжымына дәріс оқыды

Алматы полициясының қызметкерлері жұмыс ұжымына дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері. Зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау” тақырыбы бойынша құқықтық білім беру бағдарламасы “Азия газ құбыры” ЖШС ұжымы үшін дәріс өткізілді.

Дәрісте жергілікті полиция қызметінің, ІІМ Алматы академиясының және “Жан-Сая” дағдарыс орталығының өкілдері спикер болды.

– Тәжірибе көрсеткендей, құқық бұзушылықтардың, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың көріністерінің негізгі себептері отбасындағы тәртіпсіздік, адамгершілік, құқықтық және мәдени тәрбиенің жеткіліксіздігі. Бұл шара бірінші кезекте халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Кездесуде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнама нормаларын түсіндірдік. Арнайы дайындалған бейнероликті пайдалана отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлерін және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабар келген кездегі полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің алгоритмін көрсеттік. Сондай-ақ ұйым қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына заңда қарастырылған әлеуметтік қызмет түрлері, үй тиранын жауапкершілікке тартудың құқықтық негіздері туралы ақпарат алды, – дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Ұйымдастырушылар қылмыстың барлық түріне төзбеушілік пен заңдылықты сақтау қажеттігін атап өтті.

Білім беру бағдарламасы адам құқықтарын қорғау саласындағы жаңа заңнамалық нормалар туралы “Сұрақ-жауап” сессиясымен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру