Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қалалық ПД-да консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Алматы қаласы полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиында екі негізгі мәселе қаралды. Біріншісі – уақытша ұстау изоляторлары мен полицияның арнайы қабылдау орындарының жай-күйі, екіншісі – көші-қон саласындағы өзекті мәселелер.

Алғашқы мәселе аясында аталған мекемелердің жұмыс тәртібі, ондағы адамдарды ұстау жағдайларының заң талаптарына сәйкестігі және мекемелер жұмысының ұйымдастырылуы талқыланды.

Сонымен қатар көші-қон саласындағы өзекті мәселелерге назар аударылды. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу және тиісті бөлімшелердің өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Қаралған мәселелер полиция бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға, ведомстволық бақылауды жетілдіруге және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру