Алматы қалалық ПД-да полицияның сервистік орталықтары қалай жұмыс істейтіні айтылды
Алматы қалалық ПД-да полицияның сервистік орталықтары қалай жұмыс істейтіні айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның сервистік жұмыс үлгісіне көшуіне байланысты ІІО-ның негізгі басымдықтары – қоғаммен ашық диалог пен халықтың сұраныстарына жедел ден қою, тұрғындарға және қала қонақтарына кәсіби, білікті, кеңестік көмек көрсету. ІІО-ға келіп түскен өтініштердің көпшілігі анықтамалық-танымдық сипатта.
– Талдау жасалды. Аудандық полиция бөлімдеріне күніне орта есеппен 1470-ке жуық азамат келеді, оның 446-сы – көші-қон заңнамасы мәселелері бойынша, 150-і – Процессингтік орталық мәселелері бойынша, 35-і – лицензиялау және рұқсат беру қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, ал 29-ы – отбасылық-тұрмыстық қатынастар және тағы басқа құқық бұзушылықтар бойынша түрлі сұрақтар келіп түседі. Сонымен қатар күн сайын «102» пультіне орта есеппен әртүрлі сипаттағы 2258 қоңырау келіп түседі. Айтпақшы, Алматы полициясы азаматтарға 25 мемлекеттік қызмет көрсетеді, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Сервистік орталықтарды құрудағы мақсат – мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимыл, құқықтық және кеңестік көмек көрсету арқылы қызметтік полицияның кешенді үлгісін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
халықтың полицияға сенім деңгейін арттыру;
бюрократиялықтан адамдық бағдарға көшу моделі;
проблемаға бағытталған тәсілді енгізу;
азаматтармен ашық серіктестік қарым-қатынас жасау;
әрбір нақты жағдайда қажетті білікті көмек көрсету;
халыққа қызмет етуде ашықтық пен бейтараптық таныту.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі – сенбі. Қызметтерді көрсету бойынша жұмыс уақыты: 09.00-ден 18.00-ге дейін. Азаматтарды қабылдау: сағат 18.00-ден 21.00-ге дейін. Полицияның сервистік орталығына келушілер қызмет көрсету сапасын бес балдық жүйе бойынша бағалап, пікір қалдыру мүмкіндігіне ие болады.