Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қалалық ПД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Алматы қалалық ПД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүрге айналған жиынға Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов төрағалық етті.

– Жыл басынан бері жеке құрам арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, жұмыс сапасын арттыруға және ұжымдардағы моральдық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілді. Сонымен қатар қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету және олардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттердің басқа да деректерінің жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі, – деді Арыстанғани Заппаров.

ПД бастығының айтуынша, жыл басынан бері “Integrity check” пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында полиция қызметкерлерінен пара ұсыну туралы 26 дабыл келіп түсті. Аталған деректер бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданды.

– Алматы полициясы қатарында қоғамдық тәртіпті тәулік бойы қамтамасыз етіп, қылмыстың бетін ашып, тергеп, қоғамға көмектесетін мыңдаған үлгілі полиция қызметкері адал қызмет етуде. Олар жедел және қызметтік тапсырмаларды сәтті орындап, сол үшін Мемлекет басшысының, қала әкімінің және ішкі істер министрінің марапаттауларына ие болуда. Біз осындай полиция қызметкерлерін әрқашан үлгі тұтамыз, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру