Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қалалық ПД шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті

Алматы қалалық ПД шабуылдан кейінгі полиция ғимараттарының бейнежазбасын көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, 6 қаңтарға қараған түні қаланың Полиция департаментіне, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу аудандарының Полиция басқармаларына, сондай-ақ Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасалды.

Шабуылшылар автоматтарды, гранаталарды, «Молотов» коктейльдерін және басқа да атыс қаруларын қолданған.

Алматы Полиция департаментіне сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін барлығы 27 шабуыл жасалды.

Өкінішке орай, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде екі полицей қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру