Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қалалық полиция департаментінде самбодан жарыс өткізілді

Алматы қалалық полиция департаментінде самбодан жарыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда 19-20 қыркүйекте самбодан іріктеу кезеңі өтті. Оған 17 командадан құралған 97 спортшы қатысты. Олардың ішінде – бір халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 спорт шебері және 37 спорт шеберлігіне үміткер бар.

– Спорт арқылы жұмысымыздың тиімділігін арттыру, тәртіп пен жауапкершілік деңгейін арттыру, қызметкерлеріміздің денсаулығын жақсарту – бірінші кезектегі міндет. Жасыратыны жоқ, ішкі істер органдарындағы қызмет психоэмоционалды және физикалық белсенділікпен байланысты. Мұның бәрі қызметкерлерден зейінді, көңіл бөлуді және жедел жағдайдағы өзгерістерге тез әрекет етуді талап етеді. Сондықтан жеке құрамды дене шынықтыру сабақтарына белсене тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қызметтік-қолданбалы спортты дамыту өте маңызды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.

Әділқазылар алқасының шешімімен ЖҚАЖ командасы 1-орынды, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2-орынды, Алмалы аудандық полиция басқармасының командасы 3-орынды иеленді. Барлық жеңімпаз медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру