Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД ардагерлері жас қызметкерлермен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлері жас қызметкерлермен кездесу жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ ардагерлері жас қызметкерлерге жұмыс барысының нұсқаулықтарын түсіндіріп, қызметтегі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жас қызметкерлер өз кезегінде тәлімгерлер мен басшы құрамға, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері алдында қызметтік міндеттерін адал атқаруға ант берді.

Департамент бастығының орынбасары Бақытжан Шәріпбеков ардагерлерге алғыс хат ұсынып, ризашылығын білдірді.

Бұл іс-шара жас қызметкерлердің жігерлік, іскерлік және моральдық-адамгершілік қасиеттерін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру