Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде қақпа алдында кездесу өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №13 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №13 мекемесінде кесімді жазасын өтеп шыққан сотталғанды оның жақын туыстары қақпа алдынан қарсы алды.

«Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында мекеме қызметкерлері сотталғанның денсаулық жағдайын, білім деңгейін, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жері болуын анықтап, еркіндікке шыққаннан кейінгі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.

– Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығатын әрбір сотталғанға алдын-ала жан-жақты көмек көрсетіледі. Бүгін қақпа алдынан туыстары күтіп алған В. деген азамат Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы (Мал ұрлау) бойынша 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Осы орайда сотталғанның бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында психолог, заңгер және медицина қызметкерлері кеңес берді, – дейді сотталғандарды еңбекке орналастыру бөлімшесінің аға инспекторы Р.Сатов.

Туыстарына қосылған сотталған мекеме қызметкерлеріне алғысын айтып, үйіне көтеріңкі көңіл-күймен аттанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру