Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД мекемесінде КТА ұйымдастырылды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД мекемесінде КТА ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің  №11 мекемесінде, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, жастар арасында көңілді тапқырлар алаңы өтті. Көңілді тапқырлар алаңына Алматы индустрия және қонақжай туризм колледжінің ”Кеттік бәрін таста” командасы, Алматы технология және Флористика колледжі “Актив” командасы, Алматы дизайн және мода колледжі “Акмис” командасы, №11 мекемесінің ”Жастар”командасы, жалпы 4 команда қатысты.

Жарыс 3-турдан: сәлемдесу, 5-жаңаалық, үй тапсырмасы бойынша өтті. Іс-шара барысында аталған топқа әділдік беру үшін әділқазылар алқа құрамына: “Social project management” қорының өкілі Әбдібекұлы Мұхамеджан және Жетісу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мөлдір Алтынбек, кәсіби колледж бас шебері Жасулан Касымов әділдік етті. Жарыс өте қызықты өтті.

Атап айтар болсақ, 1-орынды №11 мекемесінің Жастар” командасы алса, 2-орынды Алматы технология және Флористика колледжі “Актив” командасы, ал 3-орынды екі команда Алматы дизайн және мода колледжі “Акмис” және Алматы индустрия және қонақжай туризм колледжінің “Кеттік бәрін таста” командасы ие болды.

Осы іс-шараның жақсы өтуіне байланысты қатысқан командаларға әділ қазылар алқасы кітап және алғыс хаттар, табыс етті. Мекеме бастығы Алмат Сулейменов колледж студентеріне, келген қонақтарға алғысын білдіріп, осындай іс-шаралардың жиі өтуі, жазасын өтеуші жасөспірімдерге жақсы жағынан әсер ететіні, өздерінің қатарынан қалмай қоғамда өз орындарын табуға, тәрбиелік мәні бар іс шаралардың оң әсері бар екенін айтып, болашақта да жалғасын табатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру