Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД мекемесінде жаңа ғимарат пайдалануға берілді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен №13 мекемесінде 372 орындық жатақхана, 120 орындық асхана және 48 орындық шайханасы бар  жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Жаңа ғимарат монша-кір жуу кешенімен жабдықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған ғимарат сотталғандарды ұстау жағдайын жақсарту және жазаны орындау жүйесін модернизациялау мақсатында  салынды.  

Абайсызда қылмыс жасағандар жазасын өтейтін қауіпсіздігі барынша төмен мекемедегі жаңа модульды ғимаратқа 156 бейнекамера орнатылып, сотталғандар жататын бөлмелер екі қабатты төсектермен, күнделікті тұрмысқа қажетті жиһаздармен және салқындатқыш құрылғылармен жабдықталды.

 Сотталғандарға арналған асхана мен шайхана да ас дайындауға қажетті құрал-жабдықтармен, үстел және орындықтармен толықтай жабдықталып, сотталғандардың бос уақыттарында демалуларына және кітап оқып, теледидар көрулеріне арналған бөлмелерге де керекті жиһаздар қойылды.

Жаңа ғимаратта мекеме қызметкерлерінің де жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру