Алматы қаласы Полиция департаментінің мұражайында сенсорлы терминал орнатылды
Алматы қаласы Полиция департаментінің мұражайында департамент тарихынан сыр шертетін сенсорлы терминал орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құрылғы Алматы қаласы Полиция департаментінің бірінші басшылары туралы экспозицияда орнатылды.
– Жаңа технологиялардың дамыған дәуірінде мұндай жаңалықтар тарих пен мұраны жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттауда, сондай-ақ, оларды идеологиялық тәрбиелеуде және патриоттық сезімді дамытуда белсенді қолданылады. Бұл өте ыңғайлы және қолжетімді. Әзірге сенсорлық терминалда Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарындағы Департаменттің бірінші басшылары туралы ақпарат қана бар. Әрі қарай, ол шаһар полициясының тарихы, ардагерлері, соғыстан кейінгі кезеңдегі милиция дәуірі, полицейлердің ерлік істері және басқа да маңызды оқиғалар туралы мәліметтермен толықтырылады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.