Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция азаматтарды қоғамдағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырды

Алматы қаласында полиция азаматтарды қоғамдағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18-24 қазан аралығында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы мен “Алматы – ортақ үйіміз” қалалық науқаны аясында “Жарқын күз” акциясы өткізілуде.

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев тұрғындарға заң бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидатын еске салды. Ол әсіресе ұсақ бұзақылықтың, оның ішінде көпшіліктің көзінше тәртіп бұзудың жиі орын алатынын атап өтті. Бұл әрекеттер үшін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылғанын да ескертті.

Полиция қоғамда мәдениеттілік пен құқықтық сананың деңгейін көтеруді көздеп отыр. Осы шаралар аясында Алматы тұрғындарына экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоршаған ортаға қамқорлық танытуға үндейтін ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру