Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының оқушылары ЖҚЕ біліміне ​​арналған викторинаға қатысты

Алматы қаласының оқушылары ЖҚЕ біліміне ​​арналған викторинаға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Айналайын, абайла!» науқанының басты мақсаты – балалар жол-көлік жарақатының алдын алу және бастауыш сынып оқушыларының жолда өздерін дұрыс ұстауын қалыптастыру.

– «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінде аудандық білім басқармасымен бірлесіп, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында іс-шара өтуде. Бұл шаралар кешені тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстарды, ата-аналармен жұмысты, ақпараттық қолдауды қамтиды. Мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушылары арасында балалардың тез әрі қызықты қабылдауы үшін викториналық форматта тақырыптық ашық сабақ өтті. ЖЖИ командасы балаларға жолда қандай жағдайлар туындауы мүмкін екенін ойын түрінде көрсетті, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, бөлімшенің мәліметінше, аудан жолдарындағы жол апатының деңгейін төмендету мақсатында көше жолдары желісін зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Тексеріс нәтижелеріне сәйкес жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиімді шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар уақытылы жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру