Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының ПД-де полиция қызметкерінің отбасында қандай екендігін көрсетті

Бұл туралы шаһар полициясы арнайы бейнеролик дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Бұл ой кенеттен пайда болды. Біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық, өркендеуді бейнелейтін шағын бейнеролик дайындауды жөн көрдік. Рөлдерде қалада тәулік бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін ПД мен бөлімдерінің қызметкерлері, ал үйде оларды ата-аналары, балалары, жұбайлары, бауырлары, тәтелері күтеді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматыда бір мыңнан астам әйел полиция қызметкер бар. Күрделі кестеге қарамастан, олар балаларды тәрбиелеп, салауатты өмірді ұстанып, отбасылық ошақты сақтай алады.

– Осы шағын өнімнің көмегімен көрерменге басты хабарды жеткізгім келді: полиция қызметкері – қоғамнан. Ол зор сеніммен отбасылық құндылықтарды қорғайды, ардақтайды және мемлекетіміздің болашағын тәрбиелеуге өзінің өлшеусіз үлесін қосады, – деп толықтырды  Әзірбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру