Алматы қаласының полицейлері «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға жүгінді
Алматы қаласының полицейлері «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының Полиция департаменті, қазіргі уақытта Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы салымшылардың ұжымдық өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды.
Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.
Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Толықтылық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.
«L-Капитал» компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасына өтінішпен жүгінуі немесе мына телефондарға қоңырау шалуы қажет: 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797.