Алматы қаласының полицейлері саяжайларда арнайы рейдтер өткізуде
Алматы қаласының полицейлері саяжайларда арнайы рейдтер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды тұрақтандыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткен демалыс күндері Алматы қаласының Медеу және Наурызбай аудандарындағы саяжайлар аумағында жергілікті жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.
– Іс-шараға учаскелік полиция инспекторларының жеке құрамы, ювеналды полиция инспекторлары, ЖӘАЖ, патрульдік полиция Полкі және конвой қызметінің батальоны қатысты. Наурызбай ауданында келесі саяжайлар қамтылды: «Весна-1, 65», «Наурыз-1,2», «Алма-1», «Эдельвейс», «Самал», «Медеу», «Пищевик», «Алма» , «Жасыл жер», «Кооператор», «Достық», «Денсаулық және еңбек үшін». Ал Медеу аймағында: «Кеңсай» және «Мұз тау» (Каменское үстірті). Жергілікті рейдтер тұрғын үйлердің аулаларын аралауға, қараусыз қалған саяжайларды анықтауға, пәтерлерді тіркеусіз жалға беретін адамдарды анықтауға, бұрын сотталған адамдарды, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды тексеруге бағытталған, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Іс-шара уақытында 217 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды:
– ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) – 19;
– ҚР ӘҚбК-нің 440-бабы (алкогольдік ішімдіктер ішу) – 20;
– ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (абаттандыруды бұзу) – 50;
– ҚР ӘҚбК-нің 486-бабы (тіркеу рәсімін бұзу) –үш;
– ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы (тіркеусіз тұру) – 78;
Барлығы 317 саяжай тексерілді.
– анықталған тіркеусіз тұратын адамдар – 78;
– анықталған жалға берілетін саяжайлар -38.