Алматы қаласының полицейлері Ұлы Отан соғысының ардагеріне көмектесті
Алматы қаласының полицейлері Ұлы Отан соғысының ардагеріне көмірмен көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы Алатау ауданында тұратын 94 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагеріне кіріп шықты.
– Күні кеше біздің бөлімнің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері – біздің ауданда балаларымен және немерелерімен тұратын 1927 жылы туған Сабаев Андрей Федоровичтің үйіне келді. Олар атаға азық-түлік алып беріп, көмір түсіріп, аздап көмектесті. Айтпақшы, біз соғыс қаһармандарын Жеңіс мерекесі қарсаңында ғана еске алу керек деген қате стереотиптен әлдеқашан алыстап кеттік. Біздің қызметкерлер мүмкіндігінше зейнеткерлер мен жағдайы төмен адамдарға барып, оларға көмек көрсетіп, көңіл бөледі. Бұл дұрыс. Өскелең ұрпақтың осыны көріп, игі істерге үйренуі өте маңызды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Бақытымызға орай, Андрей Федорович әлі де белсенді, көпшіл. Оны көршілері «ауданның жаны» дейді.
– Мен – Андрей Сабаевтың немересімін. Ол биыл 94 жасқа толды. Оны еске алып, үйге келетіндері үшін көп рахмет. Бұл оған өте жағымды. Қалай дегенмен екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері ғой. Бұл басқаларға үлгі болғанын қалаймын. Қарт адамдарды еске түсіру керек, оларға ризашылық білдіріп, ұмытпау керек, – деп түйіндеді немересі.