Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тауларында өрттің алдын алу бойынша рейд жүргізілді

Алматының тауларында өрттің алдын алу бойынша рейд жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ормандағы демалыс орындарында өрттің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

– Мақсат – ормандарда өрттің тұтануына, құрғақ өсімдіктерді жағуға жол бермеу, өрт қоюшыларды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын ұйымдастыру. Дәстүр бойынша рейдтерге табиғатты қорғау полициясының өкілдері, ТЖД мен құтқару қызметінің өкілдері қатысуда. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір демалушылар өрт қауіпсіздігін ұмытып, мангал жағады. Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағында жүргізілген рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабы 3-бөлігі бойынша 34 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Сондай-ақ спикер демалушыларға республика аумағында ерекше өрт режимі жұмыс істейтінін, оған сәйкес от және мангал жағуға тыйым салынғанын еске салды. Арнайы өртке қарсы режим жағдайында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны және сақтамағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері бірнеше есе артады.

– Өздеріңіз білетіндей, табиғи өрттердің көпшілігіне адам факторы себеп болады. Аталған рейдтік іс-шаралар тұрғындар арасында өрттердің алдын алу, қоғамдық орындарды ластау және суды пайдалану ережелерін бұзу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Мұндай жұмыстар қауіптілік дәрежесін төмендетуге және орман өрттерінің қауіпті екенін халыққа жеткізуге септігін тигізеді, – деді Дуанбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру