Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғындары тыныштық пен тәртіп үшін полицейлерге алғыс айтты

Алматы қаласы Алмалы ауданының тұрғындары тыныштық пен тәртіп үшін жергілікті полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғындарының кезекті оң пікірі полиция департаментінің басшылығына келіп түсті.

– Учаскелік инспекторлар – Артем Мұзапаров пен полиция қызметкері Бақдәулет Амангелдіұлының 15-ші опор пунктінде жүргізген жұмысы барысында біз, Алмалы ауданының тұрғындары олардың кәсіби міндеттеріне адалдықпен қарауын, құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюын, жауапкершілік пен ұқыптылықтарын атап өткізіміз келеді. Олар «жергілікті тұрғындарда бәрі ойдағыдай ма?» деген сұраққа үнемі қызығушылық танытып, заңдылық пен тәртіпті бұзудың жолын бірден кесіп отырады. Нағыз кәсіпқойлар туралы ПД басшылығына хабарлауды парызым деп санаймын. Артем Мұзапаров пен Бақдәулет Амангелдіұлының қаншалықты жанқиярлықпен еңбек етіп жатқанын көріп, жұртшылық полиция қызметіне және полиция қызметкерінің жұмысына құрметпен қарай бастайды, – деді үндеу авторы.

Алғыс хатын аяқтай келе, жергілікті тұрғын барша полицейлерге ауыр қызметтерінде табыс тілеп, дер кезінде, кәсіби жұмысы мен ұқыпты адами көзқарасы үшін алғысын білдірді.

– Ең алдымен, осындай азаматтарды тәрбиелеген ата-аналарына рақмет! Мұндай қызметкерлер лайықты басшылардың ғана қол астында болатынын білеміз. Осындай адал полиция қызметкерлері үшін сізге алғыс, – деді автор.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру