Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны бірнеше алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Алматының 27 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктіге ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі(Алаяқтық) бойынша айып тағылды.

– Алдын ала анықталғандай, А.есімді азамат бірнеше ай бойы көліктерді бөліп төлеу арқылы сатып алып, оларды тиімді бағаға қайта сатқан. Тергеу барысында күдіктінің қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтары анықталды. Екі автокөлік тәркіленіп, заттай айғақ ретінде қылмыстық іске тіркелді. Күдікті қаңтар айында 3,3 млн теңгеге Mercedes автокөлігін сатып алып, бір айдың ішінде төлеймін деп уәде бергендігі белгілі болды. 3,9 млн теңгеге сатылымға қойылған BMW көлігі үшін А.есімді азамат бар болғаны 250 мың теңге төлеген, ал қалғанын бірнеше апта ішінде беруге уәде берген. Бірақ бұл шетелдік көлік кейін үшінші адамнан тәркіленді, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері бұл азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-477-03-61 және 8-778-276-04-14.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру