Алматы тұрғыны өзіне ірі көлемдегі ақшасын қайтарып берген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді
Кәнігі ұрының құрбаны болған Алматы тұрғыны Наталья Баранова полиция қызметкерлеріне алғыс хат жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Онда ол өзінің қызметтік борышын кәсіби шеберлікпен орындаған полиция қызметкерлерін көтермелеуді сұрайды.
– Ақша менің жұмыс орнымнан ұрланды. Бұрын қылмыс жасаған ер адам менің кабинетіме кіріп, қомақты ақшаны ұрлап кеткен. Бұл мен үшін қатты соққы болды. Мен полицияға жүгіндім. Олар маған көп көмектесті. Атап айтқанда Алсеров Аслан, Абдул Айдар және Бақытғали Ернұр сияқты қызметкерлердің кәсіби шеберліктерінің арқасында қылмыс ашылды, ұры ұсталды. Әділеттілік орнап, менің құқығым қалпына келтірілді. Бұл қызметкерлердің маған адамгершілік танытқанын атап өткім келеді, олар мен қысылған кезде қатты көмектесті. Мен оларға ризашылығымды білдіремін, – деді Алматы тұрғыны өз хатында.