Алматы тұрғыны үйінде қару-жарақ арсеналын жасырған
Алматы тұрғыны үйінде қару-жарақ арсеналын жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 жастағы А.есімді азамат атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінді.
– Оның жалға алған тұрғын үйінен тегіс ұңғылы мылтық, екі мылтық, пневматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі 400-ге жуық патрон табылды және процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Алдын ала болжамға сүйенсек, бұл қару қылмыстық жолмен алынуы мүмкін. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен қатар А.есімді азамат қарумен бұзақылық жасады деген күдікке ілінген. Аталған деректің мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатыр, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.