Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне есірткі өткізбек болған күдікті ұсталды
Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне есірткі өткізбек болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №71 мекемесінде қызметкерлер мекемеге тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеді.
Басқа біреудің мүлкін ұрлаған деген күдікпен қамауға алынған тергеудегі азаматтың ағасы есірткіні тығып өткізуге тырысқан. Алайда, тергеу изоляторы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында есірткі заты сусабын бөтелкесінен табылды.
Ер адам алдын ала 200 мл шприцке есірткіге ұқсас жасыл заттарды салып, оларды сусабынның ішіне жасырып өткізбек болды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, химиялық сот сараптамасына жіберілді.
– Тыйым салынған заттарды беру фактісі бейнетіркеуішке тіркелді. ҚАЖД мекемелеріне есірткі заттарын өткізу оларды сату ретінде сараланады, яғни бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалатын әрекеттердің бірі, – деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шәріпбеков.