Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы жолдарында ірі көлемде айыппұлы бар жүргізушіні ұсталды

Алматы жолдарында ірі көлемде айыппұлы бар жүргізушіні ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады.

– Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы полициясы мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр. Басқаша айтқанда, қауіпті жүргізушілерді ұстап жатыр. Жыл басынан бері “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” кешені қала жолдарында 4123 құқық бұзушылықты анықтады, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ бастығы Ержан Ұзабаев.

Патрульдік қызметкерлер жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 340 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуден жалтарған Hyundai көліктің иесін анықтады. Көп жағдайда жүргізуші жылдамдықты бұзған. Құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

– Азаматтарға әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуді ұсынамыз және тағы да ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырамыз, – деп түйіндеді Ұзабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру