Алматыда 1 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар жол талғамайтын көліктің иесі анықталды
Алматыда 1 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар жол талғамайтын көліктің иесі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушыны ЖПҚБ іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері "Қорғау – Қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі арқылы көліктердің жалпы ағынында анықтады.
Mersedes көлігінің жүргізушісіне ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы 1 миллион 176 мың 450 теңгені құрайды.
Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.