Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 1-сынып оқушылары үшін жол қозғалысы ережелерінің алғашқы сабағы өткізілді

Алматыда 1-сынып оқушылары үшін жол қозғалысы ережелерінің алғашқы сабағы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаһар полицейлері жыл сайын оқу жылы қарсаңында «Назар аударыңыз – балалар!» алдын алу науқанын өткізеді, бұл қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерінің негіздерін оқытуды көздейді.

– Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осыған байланысты барлық жерде түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылданды: мұғалімдер, полиция қызметкерлері және «Жас сақшы» полиция сыныптары сынып сағаттарын, сұрақ-жауап ойындарын жүргізеді және бірінші сынып оқушыларына жол ережесін түсіндіреді. Балалар жолдан қалай өту керектігін және жолда өзін қалай ұстау керектігін білуі керек. Бұл негіздерді оларға үйде де, мектепте де сіңіру керек. Біз ата-аналарды балаларының жол қозғалысы ережелерін білуіне назар аударуға шақырамыз, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Оның айтуынша, науқан барысында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы ақпараттық буклеттер әзірленіп, жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары арасында таратылды.

– Алматыда 215 жалпы білім беретін мектеп бар, оларда жол белгілерін орнату және жол белгілерін сызу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, әсіресе жолға жақын орналасқан оқу орындарының жанында. Әдетте, Білім күні қарсаңында полицейлер алматылық ұстаздармен кездесу өткізеді, оның барысында мектеп оқушыларының оқу үрдісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігінің кепілі саналатын мәселелер талқыланады, – деді Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру