Алматыда 142 қандас Қазақстан азаматтығын қабылдады
Алматыда 142 қандас Қазақстан азаматтығын қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша, 2020 жылы 731 қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алды, осы жылдың екі айында бұл көрсеткіш 142 құрайды.
– Бұл негізінен Қытай мен Өзбекстаннан келгендер. Бұл жерде азаматтық алудың оңайлатылған түрі республикада ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп келе жатқанын атап өту маңызды. Енді қандас бір уақытта құжаттарды және сәйкесінше тұруға ықтиярхат алу үшін де, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға да өтінішті бере алады. Орташа алғанда, қарастыру мерзімі шамамен үш айға созылады, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Бұл мүмкіндікті Қытайдан келген 21 жастағы Ерсін Ақиқат пен 30 жастағы Арай Сыдық пайдаланды.
– Біз өз Отанымызға оралдық. Маған жеке куәлікті ұлттық мерекеміз Наурыз мейрамы қарсаңында тапсырғаны көңілге қонымды. Мен мұны жоғарыдан берілген белгі деп санаймын, – деді Арай Сыдық.
– Көші-қон қызметі қызметкерлеріне түсіністік пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Бүгін мен азаматтық алдым – мен оған өте қуаныштымын , – деді өз кезегінде Ерсін Ақиқат.