Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 2 ер адам жалға алынған ойын приставкаларын ломбардтарға өткізген

Алматыда екі ер адам жалға алынған ойын приставкаларын ломбардтарға өткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданының полиция қызметкерлері бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен екі адамды ұстады. Полицияның мәліметінше, ұсталғандар «Sony PlayStation-4» ойын приставкасын, фотоаппаратты, ноутбукті жалға алу сылтауымен сатылым сайттарындағы жарнаманы таңдаған, содан кейін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жалға алынған заттарды ломбардқа өткізген, ал түскен қаражатты өз қалаулары бойынша пайдаланды.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында 1991 жылғы Н.есімді азамат және 1990 жылы туған С.есімді азамат анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олардың қатысуымен төрт алаяқтық фактісі дәлелденді. Осы факті бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңгай тізіліміне тіркелді. Ұсталғандардың суреттерін мұқият қарап шығуларыңызды сұраймыз. Айыпталушыларды таныған адамдардың барлығы 8-707-515-47-35 нөміріне қоңырау шалыңыздар, – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру