Алматыда 20 жастағы жігіт қарт әйелді тонап кетті
Алматыда 20 жастағы жігіт қарт әйелді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл оқиға таңертең Марков пен Тимирязев көшелерінің қиылысында орын алған. О.есімді азамат өтіп бара жатқан адамның жеке мүлкін күш қолданып, ұрлап кеткен.
– Мас жігітте қылмыстық жоспар бірден пайда болды. Оның әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, жәбірленушінің жанына жүгіріп келіп, иығына соққы жасаған. Әйел құлаған кезде оны әрі қарай ұрып-соғып, одан кейін қолынан ақшасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. Жәбірленуші бірден полицияға жүгінді, бұл дұрыс шешім болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында сол күні күдікті қамауға алынды. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың жалпы Алматы қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша тергелуде, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.