Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 300-ге жуық мопед ресми түрде тіркелген

Алматыда 300-ге жуық мопед ресми түрде тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық әкімшілік полицияның хабарлауынша, бұл процесс "Жол қозғалысы туралы" Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Көлiктiң осы түрiнiң жұмысын реттеу мақсатында заңнамаға түзетулер 2024 жылы енгiзiлдi. Енді олардың жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып саналады және барлық заң талабын сақтауға міндетті. Меншік иелері оңайлатылған тәртіпте тіркеу рәсімінен өте алады. ҚР Ішкі істер министрлігі қажетті құжаттардың тізімін әзірледі, рамада сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда да тіркеуге рұқсат етіледі.

Бүгінгі таңда қалада 300-ге жуық көлік құралы ресми тіркелген. Полиция тіркеу нұсқаулары мен қажетті құжаттар тізімі бар парақшалар мен жадынамалар таратуда.

5 сәуірден бастап күшіне енетін түзетулерге сәйкес, мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі. Оны басқару үшін тіркеу және A1 санатындағы жүргізуші куәлігі міндетті түрде қажет болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру