Алматыда 50 жас қызметкер алғашқы офицерлік шендерін алды
Алматыда 50 жас қызметкер алғашқы офицерлік шендерін алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Офицерлік шендерді табыстау рәсімі Алматы ПД-да салтанатты жағдайда өтті.
Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров әріптестерін айтулы оқиғамен құттықтап, қызметте табыс тіледі.
— Полиция қатарында қызмет ете отырып, сіздер алдарыңызға мемлекетке қызмет ету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген биік мақсат қойдыңыздар, бұл үлкен мәртебе және жауапкершілік. Ертең Сіздер жас полицейлердің тәлімгерлері боласыздар. Оларға көңіл бөліп, қамқорлық жасап, Отанның нағыз қорғаушысы болатындай етіп тәрбиелеңіздер. Жас офицерлер халықтың сенімін ақтайтынына сенімдімін, - деді Арыстанғани Заппаров.