Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 500-ден астам мопед тіркелді

Алматыда 500-ден астам мопед тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматының әкімшілік полициясының мәліметінше, мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері 500-ден астам мопед қолданушы бұл процедурадан өткен: олар көлік құралының мемлекеттік нөмірін, техникалық төлқұжатын алды және жол қозғалысының басқа қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Осы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Бұрын хабарланғандай, өткен жылы “Жол қозғалысы туралы” заңға өзгертулер енгізілген болатын. Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары және оларға барлық заң талаптары қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру