Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда айыппұлдары өтелмеген көлік иелері анықталды

Іздестіру бөлімшесі қызметкерлері профилактикалық іс-шара барысында әкімшілік айыппұлдары бойынша ірі қарыздары бар үш автокөліктің иелері анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолдағы тексеріс кезінде Hyundai, Lexus, Toyota автокөліктері анықталды. Бұл көліктер бойынша төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы 3,7 миллион теңгеден асты. Барлық көлік қарыз толық өтелгенге дейін арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай рейдтердің тиімділігі бейнебақылау жүйелері мен интеллектуалды тіркеу кешендерінің дамуына тікелей байланысты.

- Қазіргі заманғы камералар мен талдау жүйелері жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын нақты уақытта анықтап қана қоймай, айыппұлдарын төлемеген автокөліктерді де жедел табуға мүмкіндік береді. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттырып, “Заң мен тәртіп” қағидатын нығайтуға ықпал етеді. 2025 жыл ІІМ жүйесінде профилактика жылы болып жарияланды. Сондықтан мұндай шаралар жазалау емес, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс, – деді Тимур Ноғайбаев.

Полиция әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу – әр жүргізушінің заңды міндеті екенін еске салады. Қарыздың бар-жоғын онлайн түрде eGov және екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы тексеруге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру