Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді
Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер қалалық прокуратураның үйлестіруімен және ұялы байланыс операторларының бірінің мамандарының көмегімен алаяқтық тізбекке қатысушылардың бірін анықтады. Оның жалға алған үйінде «Киберпол» қызметкерлері 36 GSM-шлюзін тапты, оның ішінде әртүрлі ұялы байланыс операторларының 63 СИМ-картасы бар.
Арнайы іс-шара барысында шағын АТС әкімшісі қызметін атқарған 22 жастағы жігіт ұсталды.
Алмалы аудандық полиция басқармасы абоненттің ұялы байланыс құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату деректері бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті қамауға алынды.
Алаяқтыққа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша жедел шаралар жалғасуда.