Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды
Алматыда полицейлердің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда полиция алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты.
Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты.
Тергеудің мәліметінше, күдіктілер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген. Келтірілген шығын соммасы 12 миллион теңгеден асты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция бөлімшелерінің бірлесіп жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алты адам ұсталды.
Тінту кезінде жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжат бланкілері, нысанды киім элементтері, оқ-дәрілер, мөрлер, суық қарулар, сондай-ақ түрлі елдерден келген мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу жалғасып жатыр.
— Мұндай қылмыспен күресу - біздің жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Біз жәбірленушінің арызына жедел ден қойып, мақсатты іс-шаралар ұйымдастырып, күдіктілерді ұстадық, - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.