Алматыда есірткіге қарсы фестиваль ұйымдастырылды
Алматыда “АнтиDOPE Fest” қалалық есірткіге қарсы фестивалі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
26 маусымда Махатмы Ганди саябағында Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне және есірткіге қарсы айлықтың аяқталуына арналған қалалық “AntiDOPE Fest” есірткіге қарсы фестивалі өтті.
Шараны Алматы полициясы, Жастар саясаты басқармасымен қалалық прокуратураның қолдауымен ұйымдастырды. Фестивальге әкімдіктің, құқық қорғау органдарының, белгілі спорт және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Қонақтар мотивациялық кездесулерге, спорттық жарыстарға және тақырыптық интерактивті іс-шараларға қатыса алды, сондай-ақ еріктілер мен қоғамдық белсенділердің өнерлерін тамашалай алды.
Фестиваль аясында “Narkostop” жобасына ерекше назар аударылды. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға қосқан үлесі үшін үздік еріктілер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
— Бүгін біз есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес туралы ғана емес, сонымен қатар әрбір жастың дұрыс таңдау жасауы керек екенін айтып отырмыз. Мұндай іс-шаралар белсенді өмір сүру, зиянды әдеттерден аулақ болу, қоғамға пайда әкелу – бұл жай ғана мүмкін емес, сонымен қатар беделді әрі заманауи екенін көрсетеді, — деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Фестиваль зиянды әдеттерден саналы түрде бас тарту мәдениетін қалыптастыру мәселесінде полицияның, азаматтық қоғамның және жастардың күш-жігерін біріктіріп, есірткіге қарсы айлықтың жарқын қорытындысы болды.