Алматыда балалар колониясына белгілі спортшылар барды
ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесі қарсаңында Алматыдағы балалар колониясына елімізге белгілі спортшылар барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2003 жылғы Азия чемпионы және әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаров пен ММА-ден әлемнің екі дүркін чемпионы Қазбек Әшім, ММА-ден әлемнің бір дүркін чемпионы Аңсар Дәулетбай және Батырбек Абылай жазалы балалармен кездесіп, "Спорт – денсаулық кепілі!" деген тақырыпта әңгіме өткізді.
Ардақ Құттықожаұлы спорттағы бағындырған белестері туралы әңгімелеп, жасөспірімдерді жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сотталған балалар спортшылардың әңгімесін ұйып тыңдап, олардың өмір жолдарына қызығушылық білдірді.
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасында белгіленген талаптар аясында ұйымдастырылған кездесуде спортшылар әртүрлі қылмыс жасап, жазасын өтеп жүрген жасөспірімдерге алдағы уақытта қоғамға пайдасы тиер жақсы азамат болып шығуларына тілектестік білдірді. Мазмұнды кездесуге сондай-ақ Алматы қалалық және Жетісу аудандық прокуратура өкілдері қатысты