Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда балалар колониясындағы жасөспірімдер дәнекерлеуші куәлігін алды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 15 бала жуырда дәнекерлеуші куәлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялағаны белгілі. Аталған мамандықтардың беделін арттыру мақсатында жарияланған бастама елімізде жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың артып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар ҚР Президентінің 2023 жылғы Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарында еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандар арасында кәсіптік даярлау курстарын ұйымдастыру көзделген.

Осыған орай "Жаңа Әлем Групп" ЖШС қызметкерлері балалар колониясындағы жасөспірімдерге қысқа мерзімді дәнекерлеуші курсын өткізді.

Салтанатты жиынға ҚАЖ департаментінің қызметкерлері, "Атамекен" ҰКП мен "Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің" өкілдері және мекеме бастықтары қатысты.

- Сотталған балалар жазасын өтеп шыққан соң жұмысқа орналасып, табыс тауып, болашақта жақсы маман атана алады. Біздің басты міндетіміз – сотталған балалардың үкімет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалануларына ықпал ету, – дейді мекеме басшысы А.Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру