Алматыда балаларды тонаған қалта ұрысы ұсталды
Алматыда балаларды тонаған қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол көбінесе әйелдер мен мектеп оқушыларының қалтасын қаққан.
– Қоғамдық көліктегі ұрлықтың алдын алу бойынша іс-шара барысында біздің бөлімше қызметкерлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен қоғамдық көлік бағыттарының бірінде 33 жастағы Д.есімді азаматты ұстады. Қаскөй баланың қалтасынан смартфонды ұрлап кеткен. Мобильді құрылғы тәркіленіп, оқушының ата-анасына қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Алматы облысының тумасының осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.