Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Алматыда балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында "Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет" атты қалалық ата-аналар жиналысы өтті.

Негізгі назар – құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапты ата-аналықты қалыптастыру және отбасы, мектеп пен полицияның бірлескен жұмысына аударылды.

- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар, ұстаздар мен полицияның ортақ міндеті. Біз "Заң және тәртіп" қағидасын дәйекті түрде жүзеге асырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қоғамға жат қылықтардың алдын алып келеміз. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана балаларымыз үшін қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыра аламыз, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Іс-шараға онлайн форматта 20 мыңнан астам ата-ана мен педагог қосылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру