Алматыда балаларға арналған ашық есік күні өтті
Алматыда балаларға арналған ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заң және Тәртіп” имидждік-идеологиялық науқаны аясында Алматыда Қазақстан полициясы күніне орайластырылған ашық есік күні өтті.
Шараны Алматы қалалық ПД кинологиялық қызмет орталығы есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Түрксіб ауданы Community-орталығының қатысуымен ұйымдастырды.
Балалар полицияның жұмысымен, арнайы техникамен танысты, қауіпсіздік техникасы бойынша интерактивті оқу іс-шараларына қатысып, қызметкерлерге қызықтыратын сұрақтарын қоя алды.
Іс-шараның мақсаты – Заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, құқықтық сананы тәрбиелеу және құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру.