Алматыда балаларына алимент төлемеген тұрғын ұсталды
Алматыда балаларына алимент төлемеген тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы көші-қон қызметі бөлімшесінің хабарлауынша, ер адам бір жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген.
– Ол іздеуде болды. Бүгінгі күнге дейін балаларына алимент бойынша берешек сомасы 2 миллион теңгеден асады. Біздің бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстады және өз құзыретіне сәйкес қарыз сомасын өндіру туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Сонымен қатар Алматы полиция департаменті, осы жылдың 14-18 қазан аралығында “Заңсыз келуші – 2024” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.
Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу.