Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Бақытты отбасы – бақытты ел!” науқаны өтуде

Алматыда “Бақытты отбасы – бақытты ел!” науқаны өтуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Алматы қаласында республикалық “Бақытты отбасы – бақытты ел!” науқаны аясында Жетісу ауданының полиция қызметкерлері “Бақытты отбасы” орталығымен бірлесіп, отбасыларға арналған спорттық іс-шара өткізді.

Науқанның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, қоғамды біріктіру, сенімге, сүйіспеншілікке және өзара құрметке негізделген атмосфера қалыптастыру.

— Отбасы – бұл қоғамның іргетасы, бала тәрбиесі, махаббат пен қамқорлықтың негізі қаланатын орын. Отан – отбасынан басталады, әрбір отбасының әл-ауқаты бүкіл елдің бақытына әсер етеді. Сондықтан біз мұндай науқандарды қолдаймыз және отбасылық институтты нығайтуға, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жалғастырамыз, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Науқан барысында қатысушылар тек спорттық жарыстарға қатысып қана қоймай, отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, бірге уақыт өткізіп, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнеге көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру